Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақының бір бөлігін беру: Президент тапсырмасы қаншалықты орындалды

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли зейнетақының бір бөлігін қолдануға қатысты президенттің тапсырмасы қалай орындалып жатқаны туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған жолдауында зейнетақының бір бөлігін алу туралы тапсырма берген болатын. 

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы 2021 жылы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалана алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Тоқаев. 

Осы тапсырмаға сәйкес, бүгінде 761 мыңнан астам салымшы өз жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алды. БЖЗҚ салымшылардың арнайы шоттарына 1,2 трлн теңгеден астам қаражат аударды.

Оның ішінде:

- тұрғын үй жағдайын жақсартуға - шамамен 1,187 трлн теңге;

- емделуге - 4,6 млрд теңгеден астам;

- зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1230 өтініш орындалып, шамамен 2,8 млрд теңге компанияларға аударылды.


Талқылау