Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинағының бір бөлігіне неге ЭКО жасатуға болмайды?

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директордың орынбасары Гүлнар Сарсенбаева зейнетақы жинағының бір бөлігіне не себепті ЭКО жасатуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЭКО жасату үшін зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалану мәселесі көп талқыланған. Алайда, биылдан бастап арнайы бағдарлама іске қосылғандықтан, бұл қызметке зейнетақы қорын пайдалануға рұқсат берілмепті. 

"Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап елімізде "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды. Қазақстанда жыл сайын МӘМС аясында 1000-ға жуық квота бөлінеді. Биылдан бастап квота 7 есеге, 7000 квотаға дейін ұлғайтылды. Сондықтан МӘМС аясында бұл қызметтер критерийлерге сәйкес мұқтаж отбасыларға ұсынылатын болады. Егер болашақта шынымен аса қажет болса, біз бұл мәселені қарастырамыз және осы ережелерге енгізуіміз әбден мүмкін", - деді Гүлнар Сарсенбаева. 

Еске салайық, 2020 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін көбейтуді міндеттеді.

Талқылау