Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға пәтерлер мен көліктерді лизингке сатып алуға мүмкіндік берілмек

Енді қазақстандықтар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті лизингке сатып алуы мүмкін. Тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауына қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, жалға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік ғана берілуі мүмкін.

"Заң жобасы жеке кәсіпкер санатында жоқ жеке тұлғаларға көлік және жылжымайтын мүлік сияқты активтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін лизингті енгізуді ұсынады. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде азаматтардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігі жақсарады. Хлықтың берешегі мен қарыз жүктемесі төмендейді деп жоспарланып отыр", – деді депутат. 

Бұл схемамен лизингтік компания сатушыдан мүлікті (автокөлікті немесе пәтерді) сатып алып, оны лизинг алушыға (жеке тұлғаға) пайдалануға береді. Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде тұлға жалдау төлемдерін (әдетте ай сайын) төлейді. Мерзім аяқталғаннан кейін ол мүлікті қалдық құны бойынша сатып ала алады немесе оны лизингтік компанияға қайтарады.

Несиеден айырмашылығы, лизингте мүлік өтеу сәтіне дейін лизингтік компанияға тиесілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін  Сенатор автокөлікті лизинг арқылы сатып алу мәселесін көтерген еді. 

Талқылау