Қазақстандықтарға Bek Air әуе тасымалдаушысының билеттерін сатып алмауға кеңес берілді
ҚР-дың Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекет тұрғындарын Bek Air әуе компаниясының ұшақ билеттерін уақытша сатып алмай тұруға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Bek Air әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компанияның рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі", - делінген баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге салайық, жаңа жыл қарсаңында Алматы маңында «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер 100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты. Опат болғандардың арасында экипаж командирі де бар. Апатқа қатысты бірнеше болжам айтылғанымен, нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу, тексеру жұмыстарымен арнайы құрылған үкіметтік комиссия айналысып жатыр.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ