Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатында көз жұмғандардың тізімі шықты

Bek Air ұшақ бортында қаза болғандардың тізімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Жолаушылардың қатарында шет ел азаматтары бар: украиналық 2 азамат, қырғызстандық 1 азамат, Қытайдың  1 азаматы. Қалғандары Қазақстан Республикасының азаматтары екен. 

Қазіргі таңда көз жұмғандардың саны 15-ке жетті, олардың ішінде ұшақты тізгіндеген пилот та бар. 

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жалпы Алматы қаласының стационарларына әртүрлі жарақаттармен зардап шеккен 51 адам жеткізілген,  оның ішінде 9 бала Балалар шұғыл көмек орталығына жатқызылыпты. 

Құтқарушылар оқиға орын алған жердегі жұмыстарын жалғастыруда. 

Көз жұмғандардың тізімін ІІМ дайындады:  

1. Николай Асташов, 1971 жылы туған

2. Рустам Қайдаров, 1940 жылы туған

3. Бауыржан Қалиев, 1974 жылы туған

4. Базархан Карибаева, 1974 жылы туған

5. Марат Мұратбаев, 1961 жылы туған

6. Абай Нұрбеков, 1986 жылы туған

7. Аршат Исина

8. Сания Аманжол

9. Дана Круглова, 1984 жылы туған

10. Қайырхан Туматов, 1955 жылы туған

11. Валерий Ануфриев

12. Имина Оспанова, 1963 жылы туған

Алдағы уақытта ақпарат толықтырылатын болады.

Stan.kz ақпарат агенттігінің редакциясы қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады.

  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды бесінші

Жігіт әйелімен ұрысып қалған

Полиция қызметкері қаруланған ер адамнан отбасын құтқару кезінде қаза тапты

Ер адам отбасын пышақпен қорқытқан

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамды атады

Бұл жолы Amazon компаниясының басшысы рейтингтегі бірінші орнын француздық бизнесменге берді

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Үш айға созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, үй иелеріне қайтарылады

Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды

Дәрігерлер баланы ауруханаға алып барғанда үйге қайтарып жіберген

СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабап өлтірген

Екі рет сотталған, жұмыссыз болған ер адам әйелінің есебінен күн көріп келген
Çàãðóçêà...