Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air ұшақ апатының болжамды себебін атады

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына себеп бір минут бұрын ұшып шыққан «Airbus» әуе кемесінің артынан қалған із болуы мүмкін, деді әуекомпания өкілі Алматыдағы баспасөз жиынында.

Bek Air басшысы: Егер ұшақ үймен соқтығыспағанда бәрі аман қалар еді

"Алдын-ала болжам бойынша, әуе апатына себеп - бұл ұшақтан бір минут бұрын ұшқан Airbus. Ұшақтың артынан ілесетін із бар. Ұшқыштар дәл осы нұсқаны ұстанады", - деді компанияның бас ұшқышы Юрий Саппаров.

Сонымен бірге, әуе компания ешкімді кінәламайтындығын, бұл тек болжам екенін атап өтті. Отандық әуе команияның командирі Александр Колесников Алматы әуежайы ешқашан дерліктей жел тұрмайтын әлемдегі бірегей аэропорттардың бірі екенін айтты. 

"Airbus ұшағының қозғалтқышы - Neo замануи жаңа қозғалтқыштарының легі. Air Astana компаниясы мындай типтегі қозғалтқыштарды екі жылдан бері пайдаланып келеді. Осының бәрі ұшақ қалдыратын "іздің" ұзақ болуына себеп болды. Бұл қозғалтқыштар енді ғана із қалдыра бастады. Бұл қайғылы жағдайға себеп болды" , - деп есептейді Колесников.

Bek Air-де түсіндіргендей, ұшақтың "ілескен ізі" қозғалтқыштардың реактивті ағындары, ұшақтың бетінен шыққан шекара қабаты және қанаттарының ұшынан пайда болатын сақина тәріздес құйындарынан түзеледі. "Іздің" ұзындығы 12-30 шақырымды құрайды. Із артынан ұшып шыққан ұшаққа тиген кезде әуе кемесі жантайып қалуы мүмкін. Сондықтан "іздің" ұшарда не қонарда ұшаққа тиюі өте қауіпті. 

"Ізге" түсу әдетте ұшақ пилоты үшін күтпеген жағдай болады, сондықтан оны әуе кемесінің басқару жүйесінің істен шығуы деп қабылдауы ықтимал. 

Айта кетейік, бұған дейін ұшақ апатынан марқұм болғандардың жақындарына өтемақы жарты жылдан кейін берілетінін хабарлаған едік.

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


 

Талқылау