Алматыдағы ұшақ апаты: Марқұмдардың жақындарына өтемақы жарты жылдан кейін беріледі

Алматы маңында болған ұшақ апатынан опат болған азаматтардың жақындарна 34 мың долларға жуық сақтандыру ақысы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

ұшақ

Ал жарақат алған адамдарға жарты миллион теңге тағайындалады. Осыған байланысты сақтандыру ұйымы зардап шеккен жолаушыларға дәріханалардан алынған дәрі-дәрімектер үшін төленген ақшаның фискалды чектерін жоғалтпауын өтінді. Заң бойынша тек тиісті құжаттар болған жағдайда ғана сақтандыру ақысы төленеді екен. Сақтандыру ұйымының өкілі Алексей Магдиннің айтуынша, сақтандыру ақысы жарты жылдан кейін тағайындала бастайды. 

"Егер дәрілерден бөлек қосымша жабдықтар - балдақтар мен корсеттер және т.б. сатып алынған болса, оның барлығына кеткен шығын өтеледі. Сол себепті біз қазір зиян шеккен азаматтардың барлығымен хабарласып, оларға мәселенің мән-жайын түсіндіретін боламыз. Бақилық азаматтарға келетін болсақ, олардың жақындарына, тіпті олар кәмелеттік жасқа толмаса да сақтандыру ақысы беріледі. дегенмен балалар мұрагерлік жасқа толулары қажет. Заңға сәйкес бұл уақыт жарты жыл болып саналады", - деді сақтандыру ақысын тағайындайтын бөлім жетекшісі Алексей Магдин. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр