Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол өз ісінің маманы": Желіде Bek Air ұшағының ұшқышы туралы естеліктерімен бөлісті

Батырхан Шүкеновтің інісі Бауыржан Шүкенов өзінің Фейсбуктегі парақшасында Алматы маңында ұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыш Марат Мұратбаев басқаратын әуе кемесінде бірнеше рет ұшқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


«Әуе кемесінің командирі - Марат Мұратбаевтың біздің қызылордалық екенін енді білдім. Ол үлкен тәжірибесі бар ұшқыш. Бір жылдары Қызылордадан Алматыға Як-40 ұшағымен ұшып келдік. Марат командир болды.  Аспанға көтерілген ұшақ қайта бұрылып, Қызылорда әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ешқандай дүрбелең болмады, мен сыртқа шығып «Мәке не болды» деп сұрады. Ол күлімсіреп тұр екен. «Қандай да бір қалыптан тыс діріл пайда болды. Мен тәуекел етпеуге бел будым », - деп жауап береді. Міне, енді бірнеше жылдан кейін ұшақ апатқа ұшырапты. Ол қандай да бір қателік жіберді деп айта алмаймын. Иманды болсын», – деп жазды ол.

Желі оқырмандары ұшқышты батыр деп атады.

«Қара жәшікті көрсетеді. Ол ұшақтың толық өртеніп кетпеуін қадағалаған болып отыр», - деп жазды Мұхтар Тайжан.

"Ол өз ісінің маманы және жақсы адам. "Эйр Астана", "Боинг" ұшақтарында ұшты. Егер ұшақ биіктікке көтеріле алмаса, бұл ұшы бағытынан мәселе туды дегенді білдірмейді. Мұздату немесе қозғалтқыш болуы мүмкін немесе мүлде басқа нәрсе болуы мүмкін", - деп жазды Тоты Әмірова.

Талқылау