Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
Қазақстан бір айдың ішінде үш мемлекеттік мерекені тойламақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылы мамыр айында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңның 3-бабына сәйкес қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр (сәрсенбі);
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сейсенбі);
Жеңіс күні – 9 мамыр (бейсенбі);
Жұмыс күндері мен демалыс күндерін кейінге қалдыру туралы ресми хабарлама түскен жоқ.
Осылайша, жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады:
- бес күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр демалыс, 2 мамыр жұмыс, 4 және 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс, 9 мамыр демалыс, 10 мамыр жұмыс, 11 және 12 мамыр кезекті демалыс күндері.
- алты күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр демалыс, 2, 3, 4 мамыр жұмыс, 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс, 9 мамыр демалыс, 10 және 11 мамыр жұмыс, 12 мамыр кезекті демалыс күні.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалатыны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған