Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
Келесі айда қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Бірақ ол күндерге демалыс берілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келесі айда мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Бес күндік жұмыс аптасы бар адамдар келесі айда 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істесе, алты күн жұмыс істейтіндер бес-ақ күн демалады.
Қазан айында мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Алайда қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Соның ішінде биыл алғаш рет бекітілген Радио күні бар.
- 1 қазан – Қарттар мен Радио күні;
- қазан айының алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні;
- 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
- 10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;
- 16 қазан – Нан күні;
- 19 қазан – Құтқарушылар күні;
- қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
- 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;
- қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні.
Айта кетері, биыл жазда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін төл мейрамымен құттықтау кезінде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударды.
Президент Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекітуді ұсынды. Тамыз айында үкімет қаулысымен Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне Радио күні енгізілді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"