Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ерекше дауыспен туады": Алла Пугачеваны қай әнші тәнті етті?

КСРО Халық әртісі, ресейлік әнші Алла Пугачева Максим Галкиннің "Музыкалити" YouTube-шоуы кезінде қазақстандық әнші Dequine-ге таңданысын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Максим Галкинге қонаққа әр түрлі танымал әртістер келіп, заманауи музыканы бағалайды. Жаңа шығарылымда Алла Пугачева мен рэпер Баста қонақ болды. Оларға жас әншінің "Батыста" (На западе) әнін бағалау ұсынылды.

"Тәп-тәтті. Өте жақсы айтты, ең бастысы, аранжировка керемет. Бәрі осылай болды. Музыканттар өте жақсы", - деді Пугачева.

Максим Галкин қонақтардан Dequine есімді орындаушы туралы естіген-естімегін сұрады, әртістер бұрын оның шығармашылығымен таныс болмағанын мәлімдеді.

"Оның манерасы керемет. Барлығы өте жақсы. Он баллға лайық. Стилі өте сенімді", - деді Примадонна.

"Ол Қазақстаннан. Демек, Қазақстаннан болса біз мақтай бастаймыз. Қазақстандықтарды", - деді Галкин.

"Олар (қазақстандықтар) музыкаға өте жақын. Олар керемет айтады. Ерекше дауыспен туады", - деп түсіндірді Пугачева.

Сондай-ақ, шоу кезінде Алла Пугачева қазақстандық рэп-музыкант Скриптониттің "Мәскеу сүйеді..." (Москва любит...) әніне баға берді.

Айта кетейік, жақында қазақстандық әнші Dequine Warner Music Russia лейблімен келісімшартқа қол қойған. 2019 жылдың жазында 20 жастағы Данеля Садықова "Фемида" композициясын шығарды, ол оған үлкен танымалдылық әкелді және Apple Music Kazakhstan топ-100-дігіне кірді.

Кейін әнді естіген Warner Music Russia өкілдері орындаушымен байланысқа шықты. Келіссөздер процесі басталды және 2020 жылдың басында қыз олармен альбом шығару туралы келісімшартқа қол қойды

Талқылау