Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бұдан былай банктердегі несие мен микроқаржылардан өз еркімен бас тарта алады

Қазақстандықтар "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы банктік несиелер мен микрокредиттерді алудан ерікті бас тарта алады. Бұл мүмкіндік "Ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы" заңға енгізілген өзгерістерден кейін пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін яғни 30 қарашада сенатта түзетулер пакеті мақұлданды. Заңның жаңа нормалары – мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың жеке куәліктерінің көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салады. Жеке деректер таралып кетсе, әрбір оператор бұл туралы реттеушіге үш күн ішінде хабарлауы керек. Мемлекеттік органдардың деректер қорын хакерлерден қорғау мақсатында мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосу ұсынылып отыр.



“Мемлекеттік кеден қызметі жанынан тек мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін және қорғайтын мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылуда, қазір олардың саны 350-ден асады. Ақпараттық жүйенің бұл бөлігі мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығының қорғауында болады”, – дейді парламент мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Талқылау