Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бір қолы жоқ такси жүргізушісіне автокөлік алып бермек

Ақарыс есімді қазақстандық азамат Шымкентте макарон шығаратын цехта жұмыс істеп жүріп бір қолынан айырылған. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, бүгінде такси жүргізіп, нәпақасын тауып жүр. Алайда көлігі автомат емес, механика. Журналист Мақсат Толықбай желіде бастама көтеріп, оған көлік алып беруді ұсынды. Көпшілік қолдай кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Екі күн бұрын яндекспен такси шақыртқанмын ғой. Басында мән бермеппін. Бір қолы жоқ екен. Зауытта айырылыпты. Өзі онкологиялық аурумен аурады екен. Дегенмен, дес бермей, ешкімге қол жаймай, бала-шағасын асырау үшін күндіз-түні адал еңбегімен нәпақасын тауып жүр. 
Қараңызшы, расында механика ыңғайсыз. Неге автомат көлік алмайсыз десем, оған ақша жоқ, мынаның өзін кредитке алдым", - дейді.

Телефонын жазып алдым. Көмекке мұқтаж жандар көп-ақ. Бірақ, салыстырмалы түрде аяқ-қолымыз бар ғой. Осы азаматқа коробка автомат көлік әперіп, тосын сый жасасақ қалай қарайсыздар? - деп бастама көтерген едім. Ел қолдап жатыр. 



Көмек қолын созамын дейтіндер болса, ақшаны QR-код арқылы жіберсеңіздер болады. Солға қарай жылжытыңыз! Немесе Kaspi tel: 8702 592 92 42 Максат Т (өз нөмірім)" - деп бөлісті журналист. 

Көпшілік Толықбайдың бастамасын қолдады. 

Талқылау