AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жүргізушілер 13 ақпаннан бастап тек жеке куәлікті алып жүре алады

13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады. Бұл туралы ІІМ Ералы Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды.

Жаңа заң биылғы 13 ақпаннан бастап күшіне енеді.

"Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылатын. Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат - жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті", - деді ІІМ басшысы.

Оның сөзінше, Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

"Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына қатысы жоқ", - деп атап өтті Тұрғымбаев.



Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген.

"Жүргізушілердің құжаттарын өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын ұсыну міндетін алып тастау - бұл заманауи технологиялық "сервистік" полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам. Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті есте ұстауы керек.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол жүрісі ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырғым келеді", - деп қорытындылады министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр