Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова үкіметтің баспасөз конференциясында қазақстандық жастардың жалдамалы баспананы 10-12 мың теңгеге қалай ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді

Хабарланғандай, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 1 000 пәтер бөлінетін болады. 

Омарбекованың сөзінше, жастарға жалдамалы баспана беру бағдарламасы бойынша құжаттар қыркүйек айынан қабылдана бастайды. 

«Ережелер 1 тамызда біздің сайтымызда жарияланады. Алдымен, олар - 29 жасқа толмаған жастар. Егер олардың отбасы болса, асырауында мүгедек ата-анасы немесе мүгедек балалары болса, қосымша бонус беріледі. Жалдамалы баспана 3 жылдан 5 жылға дейін берілетін болады. Жергілік атқарушы билікпен және басқа да министрліктермен бірге шарттарын дайындап жатырмыз», - дейді вице-министр. 

Жалдамалы пәтер берудің негізгі шарты – өз баспанасын алу үшін қаржы жинау бойынша қазақстандық бағдарламалардың біріне қатысу. 

«Әзірге сол жалдамалы баспанада 3 жылдан 5 жылға дейін тұрып, 10-12 мың теңге төлейсіз. Адам ақша жинай алуы үшін осында сома көрсетіліп отыр. Ең басты шарт – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот ашу немесе қандайда бір мемлекеттік бағдарламаға қатысу. Ол сіздің ақша жинап жатқаныңызға көз жеткізуіміз үшін қажет», - дейді вице-министр. 

Талқылау
Пікір
806862
16 Қаз, 19 жыл - 09:34

Мен шымкет каласынанмын.Осы баспанага кай жерге барып дакумет өткізум керек немесе қай жерга хабарласуым керек