Қазақстандық жас теннисші Франциядағы турнирде үздік үштіктен көрінді
Қазақстандық жас теннисші Алан Құрманғалиев Францияның Мец қаласында үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Алан Құрманғалиев Францияның Мец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды. 19 жасқа дейінгі жас санатындағы спортшылар арасында сынға түскен Алан Құрманғалиев жарыс барысында нидерландық Иван Кан мен Ронд Брентті және украиналық Назар Солодкийді ұтты. Ширек финалда неміс спортшысы Вим Вердоншоттан басым түскенімен, жартылай финалда жапониялық теннисші Юхи Сакайдан 1:3 есебімен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев Бейрутте (Ливан) өткен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирінде де қола жүлдегер атанған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

