Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті
Қазақстан теннисі әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлемнің 12-ракеткасы Анна Данилина жұптық разрядта АҚШ-тағы Форт-Уэртте өтетін WTA-ның алғашқы қорытынды турнирінде дебюттік жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Топтық кезең матчында Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен Габриэла Дабровски (Канада) және Джулиане Олмосты (Мексика) 7:5, 6:0 есебімен жеңді.
Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя Пэм Шрайвер тобында ойнайды.
Бұл топта канадалық Габриэла Дабровски мен мекскалық Джулиана Олмос, бельгиялық Элизе Мертенс пен ресейлік Вероника Кудерметова, украиналық және латвиялық Людмила Киченок пен Елена Остапенко бар.
Анна Данилина қазақстандықтар арасында жұптық рейтингтің көшбасшысы. Жаңартылған WTA рейтингінде ол 12 орынды сақтап қалды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"

