Қазақстанда грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды
Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық жоғары оқу орындары қашаннан бастап құжат қабылдайтыны туралы күнтізбе жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Fergana.agency
Ведомство құжат қабылдаудың қашан басталатынын және емтихандар қашан өтетінін мәлімдеді:
- ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым – 25 тамыз;
- "педагогикалық ғылымдар" және "денсаулық сақтауға" түсушілер үшін арнайы емтихандар өткізу 20 маусым – 20 тамыз;
- шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер қабылдау 20 маусым – 10 тамыз;
- шығармашылық емтихандардың өткізілуі 7 шілде –15 тамыз;
- білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 13 – 20 шілде;
- грант иегерлерінің тізімін жариялау 10 тамызға дейін.
Бқған дейін биыл 186 мың түлек 11 сынып бітіргені туралы жазған едік. Оның ішінде 7 420 түлек "Алтын белгі" белгісімен марапатталды.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
