Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандық шенеунікті тінту": Іші ақшаға толы ондаған сөмке мен қорап түсірілген видео тарады (видео)

Желіде ішінде ақша толы ондаған сөмке мен қорап түсіріліген видео тарады. Кадрларға қарағанда, видео бақуатты адамның үйінде түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған мәлімет бойынша, аталған видео қазақстандық шенеуніктердің бірін тінту кезінде түсіріліпті. Видеодағы көрініс желі қолданушыларын таңғалдырды. Себебі кадрлардан іші ақшаға толы ондаған сөмке мен қорап көрінеді. 

Мұншама ақшаны көріп таңданған желі қолданушылары аталған видео Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйінде түсірілген болуы мүмкін деп топшылады. Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Артынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ақпаратты растады.

Алайда шындығында аталған видеоның Алматы облысы әкімінің ұсталуына қатысы жоқ. Ол Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметі полковнигі Кирилл Черкалиннің ісіне қатысты жүргізілген тінту кезінде түсірілген. Видеоны ресейлік басылым жариялап, пара алды деп айыпталған полковниктің үйінде тінту жүргізілгенін хабарлаған. 

Кирилл Черкалин 2019 жылдың сәуір айында тұтқындалған. Ол 850 мың доллар (329 млн 485 мың теңгеден аса) көлемінде пара алды деп айыпталды. БАҚ-мәліметінше, қылмыстық іс аясында полковниктен шамамен 12 миллиард рубль (72 млрд 200 млн теңгеден аса) тәркіленіпті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауады

15-17 қазанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

Аяна Ғабдуллина: Мені Қайрат Нұртас қатты таңғалдырды

"Қауіпті жұмыс": Министр Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмысы туралы

Ермекбаев көз жұмған әскери қызметкердің отбасына көңіл айтты

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазіргі уақытта нан әр өңірде 75-78 теңге аралығында сатылуда

"Менің жоғарыда тіреуім жоқ": Дана Нұржігіт сенаттан бір-ақ шыққаны туралы

Журналист: Мен үшін күтпеген ұсыныс болды

Атырау облысының әкімі перзентханадағы сұмдық жағдай туралы: Сәби өлімі – біз үшін трагедия

Ноғаев сәби өлімі проблемасы мен ана мен бала күтімі басты назарда болатынын айтты

"Күйзелісте жүрмін": Сиви Махмуди күйеуімен ажырасып кетті дегендерге жауап берді

Сиви Махмуди соңғы уақытта өмірінде болған өзгерістерден әлі есін жия алмай жүр

"Барлығы заңға сәйкес болды": ІІМ Бишімбаевтың босап шығуы туралы

Вице-министр Қуандық Бишімбаевтың кінәсін толықтай мойындағанын растады
Çàãðóçêà...