Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы журналист Жарас Ниязбек мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болды

Журналистің мәліметінше, биылғы жылдың 12 шілдесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне келген Бағдат Манзоров бүгін, 26, қыркүйекте тұтқындалыпты. 

Алайда облыстық әкімдіктің ресми өкілі Ғалымұрат Жүкел әкім орынбасарының күні кеше ғана іссапарға кеткенін айтты. Сонымен қатар ол желіде пайда болған ақпаратты анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінгенін жеткізді. 

«Бағдат Манзоров мырза кеше кешке ресми түрде іссапарға кетті. Бүгін әлеуметтік желіде ол кісіге қатысты ақпарат тарап жатыр. Мен баспасөз хатшысы ретінде өз тарапымнан құзырлы органдарға сұрау салып, бұл ақпаратты не растап, не теріске шығаруын өтіндім. Расталса, жарайды, ол басқа нәрсе. Ал теріске шығаратын болса, шара қолданатын боламыз. Бағдат мырзаның өзімен кеше кешке телефон арқылы сөйлестім. Ондай нәрсе айтпады. Мен жұмыс бабымен мазалаған сұрақты қойдым, жауабын алдым», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Stan.kz тілшісіне.

Ал Stan.kz ақпарат агенттігіне жауап берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер ресми ақпарат жоқ екенін, оқиғаға қатысты кейінірек пікір білдіретінін айтты.  

Талқылау