Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны расталды
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат рас болып шықты. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда облыс әкімінің баспасөз хатшысы оның іссапарға кеткенін мәлімдеді.
Ал бүгін Олжас Бектенов сенат кулуарында шенеуніктің тұтқындалғанын растады.
«Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров мырза расымен де тұтқындалды. Мұны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Оның әрекетін саралау мәселесі, яғни Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айыпталып, қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылуда. Әзірге тергеуге байланысты, қалған ақпаратты жариялай алмаймын. Ақпарат пайда болған бойда хабарлаймыз», - дейді Олжас Бектенов.
Қазақстандағы гидроцикл апаттары: Су көліктеріне қатысты жауапкершілік неге күшеймей отыр
Министрлік 1-29 шілде аралығында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 21 кеме иесіне шара қолданған
Алматыда отбасылық ойын алаңында ер адам 7 жасар балаға күш қолданған, алайда полиция істі тоқтатып тастаған
Ер адам баланы бұғана тұсынан қатты қысып ұстап, күш қолданған