Қазақстандық оқушыларға биыл үй тапсырмасы берілмейді
Білім министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасы берілмейтіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мұғалімдер үй жұмысын бермейтіні туралы, тек қана жалпылама тапсырмалар болатынын айтты.
"Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Биыл үй тапсырмасы ұғымы болмайды. Егер мектеп Kundelik.kz платформасын қолданатын болса, сол жерге тек қана бір тапсырма жүктелетін болады", - деп түсіндірді Мелдебекова.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық мектептерде 25 тамыздан бастап бірыңғай қашықтан оқыту басталады.
Қазақстанда балалар мектепке барғанда қолғап тағуға міндеттелмейді. Бірақ бетперде тағу және санитарлық талаптарды сақтау маңызды. Балалардың біреуінен Covid-19 анықталған жағдайда сыныпта карантин жарияланады.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"