Covid-19 анықталған жағдайда сыныпта карантин жарияланады: Қазақстанда мектептерге қойылатын санитарлық талаптар бекітілді

Қазақстанда оқушылардың арасында Сovid-19 анықталса, сыныпты толығымен карантинге жібереді. Ал мектептер штаттық режимге көшкен күннің өзінде, әр ата-ана баласын қашықтан оқытуға құқылы. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылына қатысты осындай санитарлық талаптарды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

оқушылар

Санитарлық ережеге сәйкес, 2021 жылдың қаңтарына дейін мектептерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, спорттық додалар өткізуге тыйым салынған. Егер сырқаттардың қатары тұрақты түрде кеми берсе, оқу аралас форматқа ұласады. Әуелі 1-4 сыныптағылар оқи бастамақ. Оның өзінде ата-анасы онлайн оқытуды жалғастырғысы келсе, құқы өзінде. Оған арнайы арыз жазады.

Ал сыныптағылардың біреуі вирус жұқтырса, толығымен карантинге жіберіледі. Бір онлайн сабақтың ұзақтығы әр сынып үшін әр түрлі.

Мектепалды және 1-сынып оқушыларына 15 минуттан аспауы тиіс. Екінші-үшінші сыныптарда 20 минуттан, төртінші-бесінші сыныптарда 25 минут көлемінде болуы керек. 9-11 сыныпта 30 минуттан аспауы міндетті.

Жасы 65-тен асқан және қауіп тобындағы педагогтарға оқушыларды оффлайн қалыпта оқытуға құқығы жоқ. Ата-аналар санитарлық талаптарға қатысты толық мәліметпен денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан таныса алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр