Қазақстандық миллиардерге не үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды
"Азия Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментімен "Азия Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Балушкинге қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Қазіргі уақытта сот күзетпен ұстау (сырттай) түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады және іздеу жарияланды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.
Еске салсақ, салық органы "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғанын жазған едік.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр