Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полиция департаменті қызметкерлер Ресей азаматын зорлағанын жоққа шығарды

полция көлігі
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде тараған Қонаевта полиция қызметкерлері 28 жастағы Ресей азаматын зорлады деген айыпты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғағанын атап өтті. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Әйелдің айтуынша, оқиға Қонаев қаласында болған. Алғашқы тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталып, жеткізілді," - деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Сондай-ақ өз жауабында облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы мұқият тексеріліп, тиісті құқықтық баға берілетінін айтты. Сөздерінше, қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу Алматы облысы ПД Тергеу басқармасына тапсырылды.

“Сонымен қатар, күдіктілердің полиция қызметкерлері екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз," – деп жауап берді Алматы облысының Полиция департаменті.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде 28 жастағы Ресей азаматы Қонаевта жергілікті полиция қызметкерлері өзін топ болып зорлағанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, полиция бөлімінде оны арызды полиция қызметкерлерінің айтқанымен жазуға мәжбүрлеген. Кейін полицейлердің пәтерді аңдып жүріп, заттай дәлелдерді алу үшін терезедегі торды шешкенін айтты. Жазбадағы видеода жәбірленуші заттай дәлелдердің арасында сперма жағылған іш киімі барын көрсетті. 

Ислам Әден
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 09:56