"Қазақстан ГАЖ Орталығының" басшысы ауысты
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы бұйрығымен Сергей Геннадьевич Беккер "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Беккер 1972 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Бұған дейін "Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығының директоры", Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ стратегиялық даму, технологиясы мен қауіпсіздігі бойынша ақпарат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Ақтөбе облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"