Қазақстандық дзюдошы Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Қазақстандық дзюдошы Шархан Нұрлыхан Парижде өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының өкілі 100 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды. Ол жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилиден ұтылды.
Қола жүлде үшін белдескенде швейцариялық Даниэль Эйчті жеңді. Қарсылас үш ескерту алды да, Шархан автоматты түрде текетірестің жеңімпазы атанды.
Қазақстан құрамасының ішінде Шархан Нұрлыхан ғана Парижде өткен Grand Slam сериясы турнирінде жүлдемен қайтты.
Еске салайық, бұған дейін файтер Азат Мақсұм мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырағаны айтылды. Ол Лас-Вегаста өткен аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

