Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирустың белгілері табылған

Германиядағы қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирус белгілері анықталған. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанның Германиядағы елшілігіне біздің дипломаттардың бірінің ата-анасы қонаққа келгенін растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен болды. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесі коронавирус инфекциясының белгілерін көрсетті, содан кейін ол ауруханаға түсті", - деді Смадияров.

Ол ер адамның қазіргі уақытта Германияда екенін айтты.

"Бүгінгі күні оның жағдайы жақсарып, ол бөлек палатадан жалпы бөлімге ауыстырылды. Әйелі мен баласы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинде", - деді ол.

Бұрынырақ ғаламторда астаналық соттың төрағасы Тілектес Барпибаев Германияда коронавирус жұқтырған деген сыбыстары пайда болды. Нұр-Сұлтан қаласының сотының баспасөз қызметі  Барпибаев демалыста екенін, сондықтан оның денсаулығы мен қайда екендігі туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

Талқылау