Қазақстандық депутат бірнеше рет шәует доноры болуға тыйым салуды ұсынды

Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандыру (ДТҰ) рәсімдері үшін биоматериал донорларының бірыңғай базасы болуға тиіс, бұл ретте бір реттен артық донор болуға тыйым салу қажет. Мұндай ұсынысты мәжілісмен Бекболат Тілеухан вице-премьер Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты. Ол өз ұстанымын болашақ ұрпақтың денсаулығына ЭКҰ процедурасынан кері әсер ету қаупімен түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен эко-донорлық мәселесін көтергім келеді. Заң бойынша бізде 35 жасқа дейінгі ер адамдар донор бола алады. Ең бастысы, ер адам сау және оның жақсы генетикалық коды бар болуы керек, ол шәуетін тапсыра алады. Ол өзінің ұрығын қанша рет тапсырады, бұл оның жеке қалауы бойынша, ешқандай шектеулер жоқ. Сауалнамада оның бойы, мамандығы, сыртқы келбеті көрсетіледі, каталогтан ұнағанын таңдауға болады", - деді Тілеухан.

Оның айтуынша, статистикаға сүйенсек, жыл сайын тек бір клиникада осындай жолмен 70 бала дүниеге келеді.

"Бұл дегеніміз, елдің түкпір-түкпірінде 20 отбасында бір әкеден 20 бала дүниеге келеді деген сөз. Олар бір-біріне үйлене алады. Мұнда әйелдер бар, сондықтан егжей-тегжейлі айтпаймыз. Бір әкеден туған адамдардың үйленуіне жол бермеу, науқас балалардың санын азайту үшін, менің ойымша, бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мақсатында мен мынаны ұсынғым келеді - Қазақстан бойынша шәуетке арналған бір ғана база болуы тиіс. Донорлар сперманы тек сол жерде тапсыруы керек және тек осы базадан ақпарат алу керек", - деді депутат.

Ол бірнеше рет донор болуға да тыйым салуды ұсынды.

"Бір адамның ұрығын екі реттен артық пайдаланбау керек. Бұл мәселеде ашықтық болуы керек деп ойлаймын, - деп түйіндеді мәжілісмен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр