Қазақстандық азамат Уилл Смитке шапан жапты

Қазақстандық тревел-блогер әрі видеограф Дастан Мұхамедрахим Дубайда өткен халықаралық шарада актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дастанның әлеуметтік желідегі жазбасына сүйенсек, актер сахнаға шығар алдында ол шапанды алдын ала дайындап, алдыңғы қатардан орын алып, жұлдызға оны жеке табыстау мүмкіндігін жіберіп алмауға шешім қабылдаған.
"Уилл Смитке қазақтың шапанын кигіздік", – деп жазды тревел-блогер видеосына.
Ол сол жерде Уилл Смитке жақындап суретке түсуіге көбісінің мүмкіндігі болмағанын алға тартты.
“Мәссаған, ойлаңыздаршы Уилл Смитке шапан жаптым! Ойламаған жерден. Басқа ешкім дұрыс суретке де түсе алмады. Мен ғана шапан жауып суретке түсіп үлгердім, ары қарай дүрбелең болып кетті. Құдай берем десе береді екен ғой. Аллаға шүкір”, – деді ол.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ