Қазақстандық әскерилер Қырғызстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысады
Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлер ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық - 2023" оқу-жаттығуларына қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқу-жаттығулар Қырғызстан қарулы күштерінің полигонында 6-13 қазан аралығында өтеді.
"Оларға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – бітімгершілік операциясы кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру", - деп хабарлады ведомство.
Оқу-жаттығуларға Қазақстан әуе-шабуылдаушы әскерлерін жібереді.
"Жаттығулар аясында қазақстандық әскери қызметшілер автокөліктер мен броньды машиналарда Алматы-Балықшы бағыты бойынша өз күштерімен жүріп өтеді", - деді Қорғаныс министрлігі.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі