Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Екатеринбургте Вячеслав Тропин және Вадим Мустафин есімді екі полицей 22 жастағы Қазақстан азаматын қызметтік көлігінде зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Znak.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Екі полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 18 тамыз күні түнде болған. Басылым мәліметінше, Тропин мен Мустафин қызды саунадан шыққан жерінен қолға түсірген. Кейін қызметтік көлігіне отырғызып, арам ойын іске асырған. Полицейлерді қауіпсіздік қызметі басқармасы қамауға алды. 

«Ресей ІІМ қауіпсіздік қызметі бас басқармасының шешімімен қызметкерлер кезекші патрульдердің зорлық-зомбылық сипаттағы қылмысты жүзеге асырғаны қаншалықты рас екенін тексеруге жіберілді», - деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк. 

Мұнымен қатар, ол осы шара барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, қалалық және өңірлік ішкі істер органдарының жұмыстарына баға берілетінін айтты. 

«Теріс ойын жүзеге асырмақ болған кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, ішкі істер органдарынан қуылатын болады», - деді Ирина Волк. 

РИА Новости басылымының хабарлауынша, кінә үш бірдей полицейге тағылып отыр. Зиян шеккен бойжеткен 1997 жылы дүниеге келген. 

Талқылау