Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы түрмелердің бастығы Серік голова қайтыс болды

Фото: Время

Қазақстандағы "түрмелерге қарайтын" Серік голова лақап атымен танылған Серік Жаманаев қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан ауруханада көз жұмған. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталған Жаманаев 2024 жылдың желтоқсан айында түзеу мекемесіне ауыстырылған.

"Ол келген соң бірден толық медициналық тексеруден өтті. Диагнозы: бауыр ісігі, үшінші саты. Осы кезден бастап ол үнемі дәрігерлердің бақылауында болды. Сотталушы бірнеше рет тексерілу және емделу үшін медициналық мекемелерге жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қолданылған шараларға қарамастан ол 25 сәуірде қайтыс болды", – делінген хабарламада. 

Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Серік голова туралы не белгілі?

Қылмыстық ортада “Серік Голова” деген атпен танымал Серік Жаманаев Қазақстан тарихындағы алғашқы заңдағы ұры саналады. Оны "түрме бастығы" деп атайды. Бұл оның қылмыстық-атқару жүйесіндегі ықпалына байланысты.

Жаманаев 2021 жылдың басында 19 жылға бас бостандығынан айырылған. Одан кейін Қылмыстық кодекстің 262-бабының 2-бөлігімен (Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу), Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша (Қорқытып алу), Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша кінәлі деп танылды. Прокурордың айтуынша, оның қылмыстық тобының әрекеті абайсызда адам өліміне әкеп соққан.

Сот үкіміне сәйкес, ол 14 жыл төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тағы бес жыл толық қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеуге тиіс еді.

Бұған дейін Жаманаевтың жеті рет сотталғаны белгілі болған:

  • 1982 жылы 24 ақпанда Алматы қаласы Жамбыл аудандық халық соты оны Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 132-бабының 2-бөлігімен үш жылға бас бостандығынан айыру;
  • 1986 жылы 2 маусымда Алматы облысы Қаскелең аудандық халық соты оны Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 94, 134-баптарының 2, 37-бөлігімен 10 жылға бас бостандығынан айыру;
  • 2002 жылы 10 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-бөлігімен үш жыл үш айға бас бостандығынан айыру;
  • 2013 жылы 2 сәуірде Қостанай қаласының №2 қалалық сотының үкімімен ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен (Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру) бір жылға бас бостандығынан айыру;
  • 2009 жылы 20 шілдеде Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының үкімімен оны 259-баптың 11-бөлігімен төрт жыл 7 айға бас бостандығынан айыру;
  • 2012 жылы 16 наурызда Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен ҚК-нің 235-бабының 1-бөлігімен ( Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау) және 360-бабының 3-бөлігімен (Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу) бес жылға бас бостандығынан айыру;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық сотының 2013 жылғы 29 наурыздағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 58 және 60-баптарын қолданып, Қылмыстық кодекстің 360-бабының 1-бөлігімен жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған қылмыс серкесі, атышулы Серік Жаманаевтың қызы әкесінің қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, бас прокурор Берік Асыловтан көмек сұрағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 25 Сәуір, 2025 11:34
Талқылау