Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы бұрынғы McDonald's мейрамханаларының атауы өзгертілді

Бүгін Алматы қаласында өткен тұсаукесерде Food Solutions KZ бас директоры Әсет Машанов бұрын McDonald's желісінің бір бөлігі болған мейрамханалардың жаңа атауын жариялады. Мекеме қазір I'm деп аталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа атау ойлап табу оңайға соқпады. 

Айта кетейік, бұл – мекеменің бір жыл ішіндегі үшінші атауы. 2023 жылдың қаңтар айында "Біз ашықпыз" деген белгілер орнатылды. Ал тамызда бұрынғы McDonald's мейрамханаларында компания қызметкерлерінің есімімен ("Мен Мадиярмын", "Мен Арамын" және т.б.) әртүрлі атаулар пайда болды. 

Біріншіден, “I’m” ("айм" немесе "айэм") — бұл жай ғана "мен". Біз мейрамханаларымыздың әрбір қонағы атауды оңай толықтырып, өзіне және әлемге "мен маңыздымын", "мен жетістіктеріммен мақтана аламын" деп айтқанын қалаймыз. “I’m”-де адам айтулы оқиғаларды күтпеуі мүмкін, дегенмен бір қарағанда қарапайым оқиғаны атап өте алады: мектепте жақсы баға алу, еңбек демалысының басталуы және тіпті велосипед сатып алу. Біздің мақсатымыз – осы оқиғаларды ерекше ету.

"Айловэм-нің" екінші нұсқасы —  яғни "мен м-ді жақсы көремін", онда "м" ескі атауға сілтеме жасайды және сабақтастықты білдіреді, атап айтқанда қызмет көрсету сапасы мен мейрамхана өнімдерінің жоғары стандарттарын сақтауды көрсетеді.

"Біз мейрамханаларымыздың жаңа брендін шығаруға ұзақ уақыт дайындалдық және қонақтарымызды онымен таныстыруға қуаныштымыз. “I’m” жаңа брендімен Қазақстанда біздің желідегі барлық мейрамханалардың жұмысы жалғасатыны туралы қуана хабарлаймын", -деді "Food Solutions KZ" ЖШС Бас директоры Әсет Машанов.

Еске салайық, Қазақстанда McDonald's брендімен 2016 жылы ашылған 24 фастфуд мейрамханалары Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды ​​қалаларында болған.

2022 жылдың 17 қарашасында Қазақстандағы McDonald's желісі жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Ал 2023 жылдың қаңтар айында "Food Solutions KZ" ЖШС мейрамханалардың атауын өзгертетінін ресми түрде хабарлады. 

Талқылау