Қазақстанда жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы көлемі өсті
Елімізде 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылып және жұмыссыз ретінде тіркелгендер 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл төлем жоғалған табысының 45 пайызына дейінгі мөлшерде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен беріледі. Бірақ жәрдемақының ең төменгі мөлшері бала күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік төлемнен кем болмауға тиіс.
Ал ең жоғарғысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40 пайызынан демек, 196 000 теңгеден аспауы керек. Жұмыс істемейтін ата-аналарға да бала күтімі бойынша көмек қаржы қарастырылған. Ол бір жасқа дейін үлестіріледі.
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы
Марқұм Дінмұхаммед “Жанбөбек” командасының құрамында ойнаған