Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда журналистерге су тасқыны болған аймақтарда жұмыс істеуге тыйым салынды

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев журналистерге облыстағы су тасқыны аймақтарында жұмыс істеуге тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкердің айтуынша, журналистерге су тасқыны аймақтарына баруға және бұл аумақта дрондарды ұшыруға тыйым салынады.

"Өміріңіз бен денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін төтенше жағдай кезеңінде қауіпті аймаққа және су басқан аумаққа кіруге тыйым салынады", – дейді Қарабалаев.



Қанат Қарабалаев барлық ақпарат пен фото/видеоларды төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі тарататынын, тұрғындарды ақпараттандыру үшін Telegram, Instagram және Tik Tok желілерінде ақпарат жарияланатынын айтты.

Тыйым төтенше жағдай шегерілгенге дейін жалғасады.

Бұған дейін Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалғаны хабарланған. Оның алдында Жайық өзенінің деңгейі апатты межеден асып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

ТЖМ бұған дейін Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзеніндегі тасқынның екінші толқыны ерекше бақылауда деп мәлімдеген.

Талқылау