Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалды (видео)
Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратқа қарағанда, Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда.
БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келгені айтылады. Адамдар алдын ала эвакуацияланған.
“Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда”, – деп қосты ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін Жайық өзенінің деңгейі апатты межеден асып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
ТЖМ бұған дейін Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзеніндегі тасқынның екінші толқыны ерекше бақылауда деп мәлімдеген.
Қазақстандық белсенді баласына Түркияда полиция қысым көрсетіп жатқанын айтып, көмек сұрады
Бұған дейін қазақстандық жігіт Молдовада пана сұрап, өтініш берген
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
