Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынынан кейін қостанайлықтар жолдарды өздері қалпына келтіріп жатыр

Қостанай облысы Ақкөл ауданының тұрғындары табиғи апаттан соң жолдарды өздері қалпына келтіріп жатыр. Жартысынан көбі грейдермен салынған жүз шақырымдық жолды су шайып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

жол

Фото: Видеодан скрин

Наурыз айының соңынан бері Ақкөл мен Ахмет Байтұрсынов ауылының тұрғындары жолды су шайып кеткендіктен ешқайда ұзап шыға алмай қалды. Көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін олар жолды өздері жөндеуге кірісті. Әр үйден жанар-жағармай, техника, материалдарға ақша жиналды. Су шайып кеткен жолға топырақ төселді. 

Бір аптада ауыл тұрғындары 80 шақырым жолды қалпына келтірген. Әлі жөнделмеген 27 шақырым бар. Бірақ қалған жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін ауыл тұрғындарына облыс орталығындағылардың көмегі қажет. 



Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, жөндеу жұмыстары су тасқыны тоқтағаннан кейін басталады. Торғай өзенінің тасуына байланысты қатты ағыс осы жаққа бағытталған. Мыңнан астам тұрғын азық-түлік, дәрі-дәрмек, су және басқа да қажет заттарды аптасына бір рет қана алады. Олар тікұшақпен жеткізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды басып қалған еді.

Талқылау