Астанада даңғыл бойын еріген қар суы басты
Астанада еріген қар суы Ұлы Дала даңғылындағы жолды басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі су басудың себебі қар шығару полигонындағы көп қардың еруі екенін атады.
Қазір мұнда ТЖД күштері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.
Ал Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша Астанадағы жағдай тұрақты және бақылауда.
Еске салсақ, еліміздің 10 облысында су тасқыны болды. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 369 мың теңгеден төленді.
Перзентханада суретке түскен қазақстандық 4 сәби 20 жылдан соң Threads арқылы бір-бірін тапты
Ол төрт баланың 20 жылдан кейін қайта табысуын ерекше оқиға деп санайды
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"