Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар жаңа әдіспен қабылданатын болды
Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар жаңа әдіспен қабылданады. 2022 жылдан бастап құжаттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің цифрлық платформасы негізінде қабылданады.

Бұл туралы ведомствоның аппарат отырысында Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Білім министрлігі басшысының айтуынша, ЖОО-ға, оның ішінде ақылы бөлімдерге түсу үшін талапкерлердің құжаттарын қабылдау БҒМ цифрлық платформасы негізінде жүзеге асырылады.
“Бұл өзгеріс университеттердің ҰБТ нәтижесі жоқ немесе мүлде құжаттары жоқ талапкерлерді қабылдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, академиялық адалдық пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін биылдан бастап ақылы бөлім үшін де, грант үшін де қабылдау білім және ғылым министрлігінің бірыңғай платформасы негізінде жүзеге асырылуы тиіс”, – Асхат Аймағамбетов.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?