Қазақстанда жеті жастан бастап балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салу ұсынылды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешева коронавирусқа қарсы екпе алудың ең төменгі жасын қысқарту мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баешеваның айтуынша, министрлік әлемнің әртүрлі елдерінде қолданылатын тәжірибелерді жіті қадағалап, мұқият зерделеуде.
“Әрине, біздің консультативтік комитетіміз бұл мәселелерді қарастырып жатыр. Өздеріңіз білесіздер біздің клиникалық хаттамаларымызда барлық инновациялар әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделеді. Бүгін біз барлық құжатты зерттеп, бұл мәселені де қарастырып жатырмыз", – деді Данагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Бүгінде Қазақстанда 12 жастан бастап балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу бар.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар