Күніне 40 теңге төлеп, мүлкіңіз үшін алаңдамай жүруге бола ма

Қазір үйге жөндеу жүргізу де арзан емес. Ал өрт, су басу немесе басқа да күтпеген жағдай болса, шығын одан әрі көбейеді. Мұндайда баспананы қалпына келтіруге кететін ақшаны қайдан алатыныңызды алдын ала ойлаған жөн. Дегенмен үйді осындай жағдайлардан қорғаудың қолжетімді жолы бар. Бұл үшін күніне шамамен 40 теңге төлеп, оны небәрі 3 минутта рәсімдей аласыз.
Мүлікті сақтандыру табиғи апат, өрт, су басу немесе ұрлық сияқты күтпеген жағдайлардан кейінгі шығынды өтеуге көмектеседі. Ең бастысы сақтандыруды рәсімдеу үшін кеңсеге барудың қажеті жоқ. Полисті онлайн бірнеше минутта-ақ рәсімдеуге болады.
Сақтандырудың маңызын апатты жағдайды басынан өткерген Зарина Мамедова да жақсы түсінген. Ауылдағы ата-анасының үйі өрттен кейін қатты зақымданып, баспананы отбасы өз күшімен қалпына келтіруге мәжбүр болыпты.

"Ауылдағы ата-анамның үйі небәрі 15 минутта өртеніп, күлге айналды. Кейін тек қабырғасы мен төбесін қайта қалпына келтірудің өзіне 3 миллион теңге жұмсалды. Үйде екі-ақ адам жұмыс істеген соң, мұндай соманы табу да қиын. 1-2 күннің ішінде 3 миллион теңгені қайдан аламыз деп абдырап, уайымға салындық. Ақшаны туыстардан сұрап, өзіміз де жинап, әйтеуір әрең дегенде таптық", – дейді ол.
Мұндай жағдайда шығын тек жөндеу жұмыстарымен шектелмейді. Құрылыс материалдарының қымбаттауы да отбасылық бюджетке салмақ түсіреді. Мысалы, соңғы бір жылда құрылыс материалдарының кейбір түрлері 10-25%-ға қымбаттаған, ал жекелеген өңірлерде цемент бағасы 46,2%-ға дейін өскен.
Сондықтан күтпеген жағдайдың салдарын алдын ала ойластырған жөн. Мысалы, Halyk Insurance-та мүлікті сақтандыру құны 15 000 теңгеден басталады. Бұл тәулігіне шамамен 40 теңге деген сөз. Яғни күн сайын шағын сома бөліп, үйді немесе пәтерді түрлі тәуекелдерден қорғауға болады.
Ипотекадағы үйді де сақтандыруға болады
Halyk Insurance-та ипотекаға алынған тұрғын үйді де сақтандыруға болады. Бұл үшін полисті рәсімдеген кезде үйдің құжаттарын ұсыну міндетті емес. Алайда сақтандыру жағдайы орын алып, өтемақы төленетін кезде мүліктің иесі екеніңізді растау қажет.
Сақтандыру құнын Halyk қосымшасы немесе компанияның сайтындағы калькулятор арқылы алдын ала есептеуге болады. Жеке деректерді енгізіп, қажетті параметрлерді таңдағаннан кейін полиске онлайн төлем жасауға мүмкіндік бар.
Сақтандыру бағасы қалай есептеледі?
Сақтандыру құны таңдалған тариф пен қамтылатын тәуекелдерге байланысты өзгереді. Halyk Insurance-та стандартты немесе максималды тарифті таңдауға болады. Сонымен қатар қажет емес қызметтерді алып тастап, сақтандыру шарттарын өз қажеттілігіңізге қарай бейімдеуге мүмкіндік қарастырылған.
Максималды тарифті бөліп төлеуге де рәсімдеуге болады. Ал полиске франшиза қосылса, сақтандыру құны төмендейді.
Франшиза – сақтандыру жағдайы болған кезде шығынның белгілі бір бөлігін клиенттің өзі өтеуі туралы шарт. Оның мөлшері жоғары болған сайын, сақтандыру полисінің бағасы да төмендейді.
Қандай жағдайларда өтемақы төленеді?

Сақтандыру жағдайы болса, не істеу керек?
Апат болған жағдайда ең алдымен залал келген заттарды фото және видеоға түсіріп алған дұрыс. Зақымның одан әрі ұлғаюына жол бермеу үшін қажет болса, тиісті жедел қызметтерді шақыру керек.
Сақтандыру компаниясына да жағдай туралы 24 сағат ішінде хабарлау қажет.
Айта кетері, бүлінген мүлікті өз бетінше орнынан қозғалтпау және жөндеу жұмыстарын бастамау керек. Залалды бағалау мен оқиғаның себептерін анықтау үшін мүлік бастапқы қалпында сақталуы маңызды. Өз бетінше жөндеу жүргізу немесе зақымдалған заттарды алып тастау өтемақы төлеуге әсер етуі мүмкін.
Ал егер апаттан кейін пәтерде тұру мүмкін болмаса, Halyk Insurance-та полис шарттарына сәйкес уақытша басқа баспана жалдауға да қаражат қарастырылады. Мысалы, екі айға дейін жалға алу шығындарын өтеу үшін 600 мың теңгеге дейін төленеді.
Апат айтып келмейді. Ал оның салдарын қалпына келтіру кейде бір сәтте-ақ бірнеше миллион теңге шығынға әкелуі мүмкін. Мүлікті алдын ала сақтандыру күтпеген жағдайда қаржылық жүктемені азайтып, баспананы тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?