Қазақстанда жаңбыр суына тариф енгізу ұсынылды
Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Су кодексінің жобасы аясында жаңбыр суына тариф енгізуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Жұмыс тобының отырысында жаңбыр суын есептеу мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев мемлекеттік органдар бұл мәселені талқылаудан қашқақтайтынын, бірақ комитет оны маңызды деп санайтынын атап өтті.
“Үкімет редакциясынан алған конфигурацияда жергілікті атқарушы органдар жаңбыр суына тариф белгілейді делінген. Бірақ оны қалай жинап, қалай есептеп, тазалығын қалай бағалайтынымызды білмесек, жаңбыр суы үшін кімнен ақы аламыз? Екінші жағынан, сұрақ орынды – бәрібір де мәселені шешу керек", – деді Казанцев.
Депутат ұсынылып отырған тариф салық емес, жаңбыр суын өңдеп, сақтау үшін төленетін төлем екенін баса айтты. Ол депутаттар кодекстің басқа да нормаларын талқылап жатқанын айтты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады