Табысы айына 3 мың доллардан асатын шетелдіктер Қазақстанға арнайы виза алады
Қазақстанда Neo Nomad деп аталатын жаңа виза енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл виза жұмыс пен демалысты, саяхат пен қашықтан жұмыс істеуді біріктіретін шетелдік туристерге арналған. Министрлік жаңа визалық режимді енгізу кезінде пандемиядан кейін осыған ұқсас бағдарламаларды сәтті жүзеге асырған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі ескерілгенін атап өтті.
Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азаматтың Қазақстаннан тыс жерде кемінде 3 мың доллар тұрақты табысы болуы қажет. Сондай-ақ негізгі кіріс талаптарына қосымша, шетелдік азаматтарға медициналық сақтандыру және сотталмағаны туралы анықтама қажет.
Қазақстандықтарға шенген визасын алуды жеңілдету үшін Еуроодақ келіссөзге дайын екенін растады
Шетелдік туристер өздерінің шетелдік компанияларында жұмыс істей отырып, Қазақстанда бір жылға дейін тұра алады. Туризм министрлігі бұл оларға елдің мәдениеті мен өміріне қанық болып қана қоймай, Қазақстанға экономикалық пайда әкелетінін түсіндіреді.
Визаны енгізуден түсетін пайда егер жылына 500 адам виза алса, шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанған. Neo Nomad қолданбасын пайдаланатын шетелдіктер ішкі еңбек нарығында жұмысқа орналаспай-ақ Қазақстанда тұрып, ақша жұмсайтын болады.
"Туризм және спорт, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстан "заманауи көшпенділердің" саяхат картасының бір мүшесіне айналды. Дүние жүзінде олардың саны 35 миллионнан асады, біз оларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар Алматы мен Астана қалалары "заманауи көшпенділер" үшін тартымды 150 қаланың қатарына енді", – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың тағы бір елге визасыз бара алатыны туралы жазған едік.