Қазақстанда жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) ұжымдық намаз оқуға рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге рұқсат берілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы керек. Әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау маңызды.
Сонымен қатар, биылғы 2 қарашадан бастап толымдығы 30%-ға дейін, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) рұқсат етіледі.
Бұған дейін екінші тоқсаннан бастап қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылғаны хабарланды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады