Қазақстанда вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасында вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 44 адам коронавирус жұқтырған. Біз коронавирустың барлық жағдайын жеке талдаймыз. Талдау барысында вакцина салдырса да вирус жұқтырғандар анықталды", - дейді Манар Смағұл.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"