Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда туған қызы қылмыскер әкесіне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын талап етті

Солтүстік Қазақстан тұрғыны отбасылық жанжалдан соң әйелін атып өлтірді, немересін жарақаттап, туған қызын өлтіруге тырысқан. Сот отырысында ол туыстарын өлтіргісі келмегенін, тек қорқытпақ болғанын айтқан. Бірақ оның бұл сөзіне туған балалары сеніп отырған жоқ. Әкелеріне өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп. 

Ольга Глушкованың күйеуімен ажырасамын деген сөзі жанжалдың себебіне айналған. Күйеуі мылтықты ұстап алып, бәрін өлтіруге кіріскен. Ішімдікке сылқия тойған ол алдымен әйелінің басынан, содан кейін кеудесіне оқ атқан. Әйел 13 жасар немересінің көз алдында қайтыс болды. Содан соң аталары немересінің басына мылтық тақаған. 

“Қаруды қайта оқтап Ю. А.Глушков немересі Шветова К.В. бас аймағына тіреді, “Мен сені жақсы көремін ғой" дегеніне атасы “жақсы көргенсің” деп жауап беріп, оқты атып жіберген.  Немересі басын қолымен жауып үлгерген, алайда есін жоғалтқан”, – дейді СҚО Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Азамат Жүсіпов.


"Бала-шағаңмен қосып өртеймін": Түркістан облысындағы мектепте директор орынбасары мен мұғалім жаға жыртысты (видео) 


Тергеушілер бұл жасөспірімнің өмірін сақтап қалды дейді.

Немересін өлді деп ойлаған Глушков анасы Викторияға шабуыл жасаған. Алайда әйел далаға шығып қашып құтылған. Тек ұлы ғана ашуланған әкесін тоқтатып, оны күрекпен бірнеше рет ұрып есінен тандырған.

Белгілі болғандай, дәрігерлер жеткіншектің өмірін аман алып қалған. Алайда әлі бірнеше ота жасауға тура келеді.

“Бет бөлігі мен жарақат алған қолына пластикалық операция қажет. Шветова Кристинаның денесінде, сондай-ақ бас сүйегінде металл қалып қалған, оны алып тастау мүмкін емес және оның салдары қандай болатынын  ешкім болжай алмайды. Сонымен қатар денеде металдың болуы болашақта жоғары технологиялық медициналық процедуралардан өтуге тосқауыл болады”, – дейді адвокат Төлеген Кашенов.

Глушков өзінің кінәлі емес екенін, бұл жай ғана оқиғалардың сәйкестігі дейді. Жақындарын өлтіргісі келмеген, тек қорқытпақ болған.

“Қатты алаңдаулымын. Мұны қандай сөздермен жеткізу керектігін білмеймін, бұл өте қиын. Сот шешімі әділ болады деп үміттенемін. Мен жағдайымды жеңілдетуді сұрамаймын”, – дейді ол.


Арон Атабек: Мені түрмеден алдап алып шықты 


Алайда балалары әкелерінің көзінде жеккөрініш сезімі байқалғанын айтады. Олар күдіктінің өкінуіне сенбейді. 

“Көмек берудің орнына пневматикалық қарумен тағы да оқ аттың. Өлтіргім келмеді дейсің, сонда не істегің келді. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау керек, сол жақта отырып қиналсын”, – дейді күдіктінің қызы Виктория Лейман.

Прокурор айыпталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Балалары бұл мерзімі аз деп санап отыр, олар әкесін өмір бойына бас бостандығынан айыру арқылы жазалауды сұрап отыр. 

 

Талқылау