AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арон Атабек: Мені түрмеден алдап алып шықты

Павлодар түрмесінен босап Алматыға жеткен Арон Атабек денсаулығы жайлы айтты. 15 жыл түрме азабын тартқан азамат күресін тоқтатпайтынын жеткізді. Өзінің бостандыққа шығатынын білмеген ол арнайы сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Саяси тұтқын атанған Арон Атабек өзінің бостандыққа шығатынын білмесе керек. Ол түрмеден босағаннан кейін әуежайға барғанда ғана өзінің Алматыға ұшатынын түсінген. 

“Маған басқа ауруханаға ауысасың деді. Бірақ ұшақты көргенде түсінбей қалдым. Қасымдағы медбике қыз айтты. Сізді үйіңізге шығарады деді. "Сіз білмейсіз бе не? Біз әуежайдамыз ғой. Сізді үйіңізге апарамыз. Мен сізді медбике ретінде Алматыға шығарып салып, туыстарыңыздың қолына тапсырамын" деп жауап берді. Ішімнен "бірінші нокдаун" деп ойладым. Полицейлер "Біз саған айтқан жоқпыз, бірақ сені Алматыға жеткіземіз. Таңертең сот шешімі шыққан. Жаза толық бітпесе де сені босатты" деді. Әуежайда қарасам, бір адам тұр, таныс адам сияқты. Анықтап қарасам, қызым Алма екен. Оны әуежайға жіберіпті. Ол жылап-сықтап, мені құшақтап жатыр. Содан кейін ұшаққа барлық жолаушыны отырғызды да, ұшып кеттік. Екі сағаттан кейін Алматыға қондық. Мұның бәрі – мені оңдырмай алдау болды”, – деді Атабек. 

Азамат денсаулығын қалпына келтірген соң қайта күресетінін айтады. 

“Маған денсаулығыма байланысты үйге шығарып тастағаны емес, мені толық ақтағаны керек. Денсаулығымды түзеп алайын. Қайта күресемін. Жапон самурайларында "Самурай парызы – соңына дейін адал шайқасу" деген сөз бар. Мен де қазақ самураймын. Соңына дейін күресу – парызым”, – деді ол. 

Азаптан әбден жүдеп, жаны құлазыса да, намысы жоғалмаған. Жігері жасымаған. Аяққа тұратынына нық сенеді. 

Арон Атабектің Азаттыққа айтуынша, биыл қыркүйектің аяғында Павлодар түрмесінде жалғыз кісілік камерада отырған тұтқын әлсіреп, құлап қалған.

“21 қыркүйек кешке жатар алдында күтпеген жерден құладым. Еңкейіп едім, басым айналып құлап қалдым. Бұл бірінші құлауым емес, оған дейін де бес-алты рет құлағам. Бірақ ол кезде басымды жармап едім, бұл жолы байқамай қалып, басымды жарып алдым. Қан ақты. Жерде жатырмын, тұра алмаймын. Кезекші келіп, Арон тұр дейді. Түрме қызметкерлері мені көріп тұр. Менттерде монитор бар. Бірақ [құлаған кезде маған] келген жоқ. Жарты сағаттан соң түрме қызметкері мен дәрігер келді. Олар мені көтеріп, отырғызды. Дәрігер қарап, "басың жарылып, қан көп ағыпты, қазір тігеміз, егер тікпесек миың сыртқа шығып кетеді, сондықтан ауруханаға бару керек" деді. Мен ауруханаға жатуға түбегейлі қарсымын. Себебі онда мені өлтіріп тастауы мүмкін. Бірақ бұл жолы басым жарылған соң баруға тура келді”, – дейді Арон Атабек.

Өкпесі 38 пайызға зақымданған азамат ауруханаға жатудан бас тартып, үйде емделіп жатыр. 

Арон мырзаның отбасы ем-домға қаражат керек екенін айтып, көптен көмек сұрайды. Белсенділер қаржы жинауды бастап кетті.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

Қоғам қайраткерінің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр