AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айықпас дертке шалдыққан: Арон Атабек 15 жылдан кейін бостандыққа шықты

Шаңырақ оқиғасына байланысты 15 жыл түрмеде отырған белсенді Арон Атабек бостандыққа шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөнінде өтінішті орындады.

Дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар", — делінген сот хабарламасында.

Ал Қылмыстық кодекстің 75 бабы, 2 бөлігі бойынша жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқас жазаны өтеуден босатылады немесе қылмыстың ауырлығына қарай жаза неғұрлым жеңiл түрiне ауыстырылады.

Арон Атабек 2006 жылғы Алматыдағы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген. Бір апта бұрын оның ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған. Биыл 31 қаңтарда Арон Атабек 68 жасқа толды. Ақтөбеде азаматтық белсенділер ақынның туған күнінде наразылық акциясын өткізіп, биліктен оны босатуды талап етті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр