Қазақстанда діни радикал топтың үш мүшесі ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында радикалды топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қауіпсіздік қызметі мен полицейлер діни радикалдардың қызметіне тосқауыл қойып, операциялар жүргізді.
"Жедел уәкілдер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстады және қамауға алды. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі және 258-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар